Бірлескен зерттеу
Активтер бетіне оралу
Бизнес: Қонақүйлер
Swissôtel Tashkent
Құны
Белгісіз
Орналасқан жері
Ташкент, Өзбекстан
Мәртебесі
Салынып жатыр
Ақша жымқыруға қатысы
$2.5 миллион
Абдуқадыр отбасына ақша шығарып берумен айналысқанын мойындаған Айеркен Саймаити олардың қонақүйге иелік ететін қытайлық компаниясына алып шыққан.

Ташкент орталығындағы, мемлекеттік өнер мұражайының маңында орналасқан қонақүй Абдуқадырларға тиесілі Miran International бренд атауымен он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді. Өзбекстанның басқарушы элитасымен де оның байланысы бар: кейінгі бірнеше жылда компанияны президент Мирзиёевтің күйеубаласының бауыры Ойбек Омаровқа тиесілі компания басқарып келеді. Ойбек Омаров — көпшілік алдына шыға бермейтін бай кәсіпкер.

Қазір қонақүй реконструкцияланып, Swissôtel Tashkent деген жаңа атаумен ашылуға дайындалып жатыр, бұл жоба – Accor бренді. Accor пресс-релизіне сәйкес, мұнда 173 бөлме, сондай-ақ «әртүрлі сауықтыру және мейрамхана аймақтары» болады. Ашылуы 2023 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Бұл жоба Абдуқадырлар мен француз қонақүй операторы қол қойған үш қонақүйді қамтитын ынтымақтастық келісімнің бір бөлігіне жатады.

Пікір білдіру туралы өтінішке берген жауабында Accor компаниясы өзбек серіктестеріне қатысты «контрагенттерді тексеру рәсімін жүргізді» және «ашық ақпарат көздерінен халықаралық санкциялар режимі мен сот шешімдеріне талдау жасайтын беделді халықаралық тексеру агенттіктерінен ақпарат алады» деп жауап берді.

Компания Абдуқадыр отбасы туралы OCCRP-дің бұған дейінгі мақалаларын да «білетінін» атап өтті. Бұған қатысты басқа түсініктеме берген жоқ.

Ғимараттың иесі: China (тіркелген жері белгісіз)
  • China Xinjiang Bortala Brave Industrial Trade Co.-ға тиесілі (Қытай).
    • Xinjiang Bortala Brave Industrial Trade Co. болса Хабибула Абдуқадырдың бауырлары Наби Хадир мен Маймаитили Хадирге тиесілі.
Сондай-ақ: Hyper Finance Group-тың (Өзбекстан) қатысы бар
  • Accor француз қонақүй операторының пресс-релизі бойынша, қонақүйді ол Hyper Group-пен бірге басқарады.
  • Шамасы, Hyper Finance Group (Өзбекстан) дегенді меңзесе керек, ол офшорлық фирма мен бірнеше ықтимал делдалға тиесілі, дегенмен компанияның ішкі құжаттары осы компания Абдуқадырлардың көптеген құрылыс жобасын басқаратынын көрсетті (егжей-тегжейлі ақпарат зерттеу материалында).
«Азаттық Радиосы»
Ақша жымқыруға қатысы
$2.5 миллион
Абдуқадыр отбасына ақша шығарып берумен айналысқанын мойындаған Айеркен Саймаити олардың қонақүйге иелік ететін қытайлық компаниясына алып шыққан.