Лондонның ең әйгілі аудандарының бірі, Темзадағы Кингстонда орналасқан Кумби-Парк жекеменшік аумағындағы жекежай – Абдуқадырлардың қаладағы жылжымайтын мүлік «портфеліндегі» басты нысан.
Жеті жатын бөлмесі бар үйдің брошюрасында бұл ауданда қайықпен серуендеп, поло мен гольф ойнаудың кереметі, жекежайдың көптеген халықаралық мектеп пен жыл сайын Уимблдон турнирі өтетін Англияның лаун-теннис және крокет клубының жанында орналасқаны жазылған. Брошюрада «Бұл Кингстон-Хиллдің эксклюзив жолындағы ең керемет үйлердің бірі екеніне сөз жоқ» дейді.
Көшеге шығатын қақпалар орнатылған: оларды 2008 жылы көршілермен ұрыстан кейін орнатқан; оның паролін үй иелері ғана біледі.
Мұнда Абдукадыровтардың британдық Miran International Limited атты негізгі компаниясы тіркелген.