Үш ашық бассейні бар 29 қабатты тұрғын үйдің құрылысы әлі жүріп жатыр.
Жоба сауда операциясына көмектесіп, одан пайда тапқан қырғыз кеденінің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Райымбек Матраимов отбасы мен Абдуқадыр кланының арасындағы байланысты дәлелдейді.
2014 жылы үй салынып жатқан жерді Матраимовтың жұбайы Уулкан Тургунова сатып алған. Жер телімі сол кезде үш миллион долларға бағаланған. Матраимов әйелінің Дубайда мүлкі жоқ екенін айтты, бірақ тарап кеткен деректер Тургунованың бұл жерге кем дегенде 2020 жылға дейін иелік еткенін көрсетті.
Кейін Хабибула Абдуқадыр мен оның Алимбек Палван деген атпен танылған інісі жерді белгісіз сомаға сатып алған. Екі отбасын жылжымайтын мүлік қана емес, туыстық қарым-қатынас та байланыстырады: 2021 жылы Тургунованың ұлы Бакай Матраимов Абдуқадырдың қызы Аланур Хабибулаға үйленген.
Қарсы бетте Тургунова сатып алып, Абдуқадырдың басқа бауыры Маймаитили Хадирмен, сондай-ақ отбасы компанияларының бірі – Turan Project Management компаниясымен бірге құрылыс жүргізген тағы бір жер телімі бар. Ол жерге бес қабатты The Olive Residence көппәтерлі үйін тұрғызды.