Бірлескен зерттеу
Активтер бетіне оралу
Бизнес: Өндіріс
Metalltech құрылыс материалдарын шығаратын зауыт
Құны
$4,100,000
Орналасқан жері
Ташкент, Өзбекстан
Мәртебесі
Жұмыс істеп тұр
Ақша жымқыруға қатысы
$2 миллион
Абдуқадыр отбасына ақша шығарып берумен айналысқанын мойындаған Айеркен Саймаити олардың қытай компаниясына алып шыққан, бизнестегі мажоритар үлес сол компанияның еншісінде.

Өзбекстан астанасындағы зауыт құрылыс материалдарын, оның ішінде шатыр жабындарын, сэндвич-панельдер мен шыны бұйымдарын шығарады. Бұл Өзбекстандағы Хабибула Абдуқадырдың өзі ресми түрде басқаратын санаулы активтің бірі.

Зауыт құрылысы 2018 жылдың ортасында басталған. Бір жылдан соң аздаған өндіріспен жұмыс істей бастады. Ташкент әкімшілігінің бұйрығымен құрылыс материалдарын өндіруде Өзбекстан өзін-өзі қамтамасыз ете алатыны туралы видео түсірілген: бейнероликте Metalltech зауыты мысал ретінде көрсетіледі. Зауыт сайтында «бұл құрылыс техникасын шығаруға маманданған Өзбекстандағы ең ірі компания» делінген.

Қазақстанның Шымкент қаласында екі үлкен тұрғынүй кешенін салған Абдуқадырлардың House Develop компаниясына зауыт құрылыс материалдарын жеткізгенін кеден деректері көрсетеді.

Иесі: Metalltech Construction (Өзбекстан)
  • Metalltech Construction-ның 71 пайыз акциясына Хабибула Палван деген атпен Хабибула Абдуқадыр иелік етеді. Қалған 29 пайыз акция Urumqi Kailingda International Trade Co (Қытай) компаниясына тиесілі.
    • Urumqi Kailingda International Trade-тің 99,9 пайыз акциясына Хабибула Абдуқадырдың бауыры Маймаитили Хадир иелік етеді.
  • Зауыт салынған жер China компаниясының Өзбекстан бөлімшесіне тиесілі (тіркелген жері белгісіз).
    • China болса Xinjiang Bortala Brave Industrial Trade Co.-ға (Қытай) тиесілі.
      • Xinjiang Bortala Brave Industrial Trade Co. компаниясы Хабибула Абдуқадырдың бауырлары Наби Хадир мен Маймаитили Хадирге тиесілі.
OCCRP
Ақша жымқыруға қатысы
$2 миллион
Абдуқадыр отбасына ақша шығарып берумен айналысқанын мойындаған Айеркен Саймаити олардың қытай компаниясына алып шыққан, бизнестегі мажоритар үлес сол компанияның еншісінде.